Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İzmir °C

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті
18.06.2022
A+
A-

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті

2022 жылғы

Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы

Мемлекет басшысының Санкт-Петербургке сапары Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесуден басталды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Татарстанның сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту перспективалары достық рухта талқыланды. Экономиканың маңызды секторларындағы бірлескен жобаларды Қазақстан аумағында жүзеге асыруға, еліміздің зауыттарын Ресей Федерациясының өндіріс жүйесімен қатар дамытуға баса мән берілді.

Сонымен қатар «КАМАЗ» және «Татнефть» компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы қарастырылды. Кездесуге бұл компаниялардың да басшылары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа ілтипат білдіре отырып, өзінің Татарстанға барған сапарын айрықша ықыласпен еске алды. Оның нәтижелері ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін берді.

– Уағдаластықтарымыздың қалай жүзеге асырылып, көздеген мақсатқа қалай қол жеткізіп жатқанымызды көріп отырмын. Бәрі де бақылауда деп айтуға болады, – деді Қазақстан Президенті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресеймен көпжақты қатынастарында маңызды орын алатын қазақ-татар байланыстарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Республикамен арадағы тауар айналымы 423 миллион доллар болды. Биылғы төрт айдың ішінде 143 миллион долларға жетті. Машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Рустам Минниханов Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында кездесуге мүмкіндік туғызғанына ризашылығын білдіріп, татар компанияларының қазақстандық серіктестерімен ықпалдастық орнатуына қолдау көрсетіп жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Қазақстан компанияларының Ресей нарығына Татарстан арқылы кіруге мүмкіндік алуына пайдамызды тигізгіміз келеді. Біз толыққанды қолдау көрсетіп, ықпал етуге дайынбыз, – деді Татарстан Президенті.

 

Кері қайту Кері қайтуTwitter Facebook Басып шығару
Заңдар
2022 жылғы 11 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті
2022 жылғы 17 маусым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті
Жарлық
2022 жылғы 16 маусым

М. Шахановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-tatarstan-prezidenti-rustam-minnihanovpen-kezdesti-1755350

 

 

REKLAM ALANI