Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İzmir °C

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
16.05.2023
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
2023 жылғы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында экология және су қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік орган басшылары мен өңір әкімдері жекелеген мәселелер бойынша есеп берді.

 

Президент отырыс барысында экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін табиғи және антропогендік факторларға қарсы күрес аса маңызды екенін атап өтті.

– Соңғы жылдары көптеген елдің үкіметтерінің белсенділігі артты. Экологияны жақсарту, «жасыл» экономикаға көшу және көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізу үшін батыл шешімдер қабылданып жатыр. Ұрпағымыздың дені сау болып, ауасы таза елде өмір сүргіміз келсе және мемлекетімізді бүкіл әлем мойындағанын қаласақ, біз олардан үлгі алуымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы экология саласында шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін проблемаларға баса назар аударды.

– Кеңес кезеңінен келе жатқан көптеген өндіріс орны, көмір жағатын электр станциялары мен қазандықтар экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырды, – деді Президент.

Бұдан бөлек, жиында қоршаған ортаны қорғауға үлкен жауапкершілікпен қарау жөнінде бірқатар мәселе көтерілді.

Президент облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар басшыларының назарын рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстарды жою және қоқыс өңдеу көрсеткіштерінің төмен екеніне аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру нәтижесінде Үкіметке ұлттық экологиялық стандарттарды әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өндіріс орындарының зиянды шығарындыларын азайту, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстарды жою және эрозияға ұшыраған жерлерді қайта қалпына келтіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қарағанды облысы Шет ауданындағы егістік алқаптарын қалпына келтіріп, мал шаруашылығын дамытуға қатысты пилоттық жобаның жүзеге асырылу тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде қолдану мақсатында жан-жақты зерттеуге тапсырма берілді.

Жиын барысында су қауіпсіздігі саласындағы қауіп-қатер деңгейінің артып келе жатқаны атап өтілді.

 

 

 

Мемлекет басшысы экономиканың барлық саласында, әсіресе агроөнеркәсіп кешенінде суды үнемді пайдалану және су шығынын азайту үшін жүйелі тәсілдер қажет екеніне тоқталды. Себебі тоғандардың және су ресурстары шығынының негізгі бөлігі осы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі.

Су үнемдейтін технологияны енгізу және суды тиімді тұтынуды экономикалық тұрғыда ынталандыру шараларын дамытумен қатар, су шаруашылығы инфрақұрылымын, атап айтқанда, суды пайдалану мөлшерін есептеу, мониторинг жүргізу және болжам жасау ісін цифрландырудың өзектілігі артып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев су шаруашылығы нысандары жұмысының тиімділігін және бөлінетін қаржыны жұмсаудың ашықтығы мен нәтижелілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Президент Үкіметке экология мен су салаларындағы ғылыми және кадрлық әлеуетті күшейту үшін шаралар қабылдауды тапсырды. 2030 жылға дейін кезеңде су ресурстарын бағалау саласында мақсатты ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылады. Оның нәтижесі су саласын басқаруда ескеріледі.

Мемлекет басшысы күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау нәтижесінде сапалы ауызсудың қолжетімді болуы су қауіпсіздігінің басты көрсеткіші екенін атап өтті.

– Халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су қорын келешек ұрпаққа сақтау үшін жан-жақты шаралар қабылдау – біздің тікелей міндетіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын соңында уәкілетті мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздіктің ең маңызды бағыты саналатын су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kauipsizdik-kenesinin-otyrysyn-otkizdi-1545945

 

 

REKLAM ALANI