Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İzmir °C

Президент «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне барды

Президент «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне барды
06.02.2023
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Президент «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне барды

2023 жылғы

Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Байзақ ауданы Талас ауылында орналасқан «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.

Президентке «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндалды. Сондай-ақ облыстағы жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет берді.

 

Аталған бағдарлама Жамбыл облысында 2019 жылдан бері «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» атауымен жүзеге асырылып, оң нәтижелер көрсетті.

Бұл жоба бойынша 2025 жылға дейін Жамбыл облысының 153 ауылдық округ халқына 2,5 пайыз мөлшерлемемен 87,8 миллиард теңге несие беру көзделген.

Соның бірі – осы Қостөбе ауылдық округі. Бағдарламаның бес бағыты бойынша Қостөбенің 256 ауыл тұрғынына кәсіппен айналысуға 886 миллион теңгеден астам несие берілген. Бұл қаржы ауыл халқына төрт түлік мал, бау-бақша өсірумен, басқа да кәсіппен айналысып, отбасылық табысын арттыру үшін бөлінді.

 

Сондай-ақ «Қостөбе-2019» кооперативіне лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын алуға жеңілдетілген несие берілді. Қазір кооператив қарамағында 12 ауыл шаруашылығы техникасы мен 401 гектар жері бар. Оған 175 адам мүше. Олардың қатары біртіндеп көбейіп келеді. Кооператив мүшелері бақша дақылдарын өсірумен қатар, мал шаруашылығына жем-шөп әзірлеумен шұғылданады.

 

Жалпы, «Ауыл аманаты» бағдарламасын республиканың барлық өңірінде жүзеге асыру үшін облыс әкімдіктеріне 2023 жылы 52,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржыға 11606 микрокредит, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша 11,5 миллиард теңге көлемде 3,6 мың микрокредит беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ республикалық бюджетті нақтылау аясында облыс әкімдері 2023 жылы ауыл халқына қосымша 15090 микрокредит беру үшін 73,5 миллиард теңгеге өтінім берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қостөбе-2019» кооперативінде облыстағы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші шаруалармен кездесті. Президент ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың оң тәжірибесін еліміздің басқа да өңірлерінде таратудың маңызды екенін атап өтті.

– Жалпы, ауыл шаруашылығына айрықша мән беріп отырмыз. Президент болып сайлағаннан кейін, ең алдымен, Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдасын әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойдым. Алдағы үш жылда кооперацияларды дамытуға 1 триллион теңге бөлеміз. Осы қомақты қаржыны тиімді пайдалану керек. Мемлекет ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне әрқашан қолдау білдіреді, – деді Президент.

Бұл міндет сайлауалды бағдарламасына енгізілгенін, сондықтан оның орындалу барысы Президент Әкімшілігінің тікелей бақылауында болатынын ескертті.

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kostobe-2019-auyl-sharuashylygy-ondiristik-kooperativine-bardy-31034

 

 

REKLAM ALANI